Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ


Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде жаңа оқу жылының қарсаңында 300 орындық мектептің ашылуы болды. Мектеп құрылысы өткен жылы басталған. Екі қабатты ғимарат дәрісханалар, жаттығу залы, кітапхана, конференц залы, асхана, қажетті қосалқы бөлмелер мен инженерлік коммуникациялармен жабдықталған.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов ауыл тұрғындарын Конституция күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы алдымызға 2020 жылға дейін орындалуы тиіс басты 3 міндет қойған болатын: үш ауысымдық, апаттық мектептерді жою мен 3-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту. Алдымен, үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға қол жеткіздік.  Содан соң, облыс бойынша 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуді мерзімінен бұрын 100 пайызға орындадық. Мұнда мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамытудың үлесі басым екенін айту қажет. Сондай-ақ, 2016 жылы экономикалық күрделі ахуалға қарамастан біз апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін шешуді басымдық ретінде айқындадық»,-деді С.Қожаниязов.
Айта кетейік, 5 жыл бұрын Қазалы ауданында 9 апаттық жағдайдағы мектеп болды. Қазір олардың орнына жаңа ғимараттар салынған. Өткен жылдың өзінде ауданда бес білім ұясы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, бүгін Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен 120 орындық спорт кешенінің ашылуы болды.
«Облыстың дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді. Соңғы жылдары облыста 9 спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр облыстық бюджеттен 7 елді мекенде спорт кешендерінің құрылысы басталған болатын», - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Еске салсақ, Мәдениет, Түгіскен, Ақжарма, Еңбекші, Жанқожа батыр ауылдарында және Сексеуіл мен Төретам елдімекендеріндегі спорт кешендерінің құрылысы жүріп жатыр, оның 6-ы іске қосылды. 
Одан бөлек, Қызылорда облысында 5 жылдың ішінде 200-ге жуық әлеуметтік нысан, оның ішінде 45 білім ошағы, оның 37-сі апаттық мектептердің орнына салынған.
kyzylorda-news.kz
02 қыркүйек 2018 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031