Кітапты көп оқитын сынып

Сайыс «Сыныпты таныстыру», «Кітап оқуға шақырамын» (жарнама жасау), «Бейнелер әлемі шақырады» (сахналық қойылым), «Кітап үйі – кітапхана» (бейнебаян) кезеңдерінен тұрды. Әр сынып өздеріне берілген кітаптарды оқып, шағын эссе жазды. Сонымен бірге сахналық қойылым қойды. 10 «А» сынып оқушылары Д.Исабековтың «Гаухартас» повесін сахналады. 10 «Ә» сынып оқушылары М.Мақатаевтың «Жетімдер үні» шығармасын жоғары деңгейде сахнада орындады. Сөйтіп көрермен жүрегінде керемет әсер қалдырды. Мектеп-лицей директоры Қанат Әмзиев оқушылардың көрсеткен өнеріне ризашылығын білдірді. Сынып жетекшілердің еңбегінің көп екенін айтты. Ерекше актёрлік қабілетімен көзге түскен Нұрислам Жәнібек пен Дильназ Қалмұратқызына толағай табыстар тіледі. Кітап – асыл қазынамыз, өмірлік азығымыз. Сондықтан кітап оқуға құштар болайық!
Мөлдір Асанова
№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі