Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқуға құштар мектеп

Оқуға құштар мектеп

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Абай атамыз: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа, «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп насихаттаса, шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» дейді. Мінекей, осындай тағылымды сөздерден кейін кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің.


Соңғы кездері халқымыз осындай жан азығынан, рухани байлықтан жұтаң болып, қол үзіп бара жатқандықтан мемлекет тарапынан дабыл да қағылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн» деген болатын. Осыған орай, жас өрендердің қызығып оқитын кітаптардың санын көбейтіп, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып, Президент тапсырмасы аясында ҚР Білім және Ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Жоба аясында №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп - л и ц е й і н і ң кітапханашылары Нұрбике Жұмабаева, Асылай Үргенішбаева және 6 «Д» сынып оқушылары және жетекшісі Меруерт Каримбаева бірігіп, балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасына талдау жасады. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың сөздік қорының дамуына үлес қосып, білім көкжиектерін кеңейту. А й т а к е т е й і к , м е к т е п кітапханашылары оқушыларды көркем әдебиет оқуға баулуда. Заңғар жазушыс М.Әуезов: «Әрбір адамның ең жақын досы кітап болуы тиіс» деп бекер айтпаса керек-ті. Бұл жоба сәтті жалғасын тапса, елдегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып, халыққа кеңінен тарайтын болады. Сондай-ақ келер ұрпаққа да үлкен үлгі-өнеге және тәлім-тәрбие деп түсінеміз.

Айнұр ИБРАШ


23 қаңтар 2024 ж. 271 0