КІТАПХАНАШЫ – РУХ ШАМЫ

Ал осы орталықтың жүрегі – кітапханашы. Бұл мамандық иелерінің иығындағы жүктің салмағы аз емес. Кітап қорын жүйелеу, оқырманға ақпараттық қызмет көрсету, заманауи технологияларды меңгеру, түрлі әдеби-мәдени іс-шара ұйымдастыру мұның бәрі кәсіби біліктілікті, жанжақты дайындықты қажет етеді. К і т а п х а н а ш ы – ж а й ғ а н а кітаптарды реттеп қоятын маман емес, ол кітапты өмірдің маңызды бөлігіне айналдыратын адам. Оқырманның сұранысын зерттеп, олардың қажеттілігін қамтамасыз ету, кітап қорын үнемі жаңартып отыру – кітапханашылардың басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, олар оқырманға бағыт-бағдар беріп, кеңестер ұсынып, әдебиет арқылы әлемді тануға мүмкіндік жасайды. Қазіргі кезде бұл мамандық заман талабына сай жаңа бағыттарды қамтып отыр, кітапханашылар сандық технологияларды қолдана отырып, білімге деген қолжетімділікті кеңейтуде. Жаңарған заманауи ақпараттық технологиялар дәуірлеген уақытта адамзат ақылының киелі мекені, жан әлемін жаңа идеяларға жетелейтін кітапханадағы кітаптың орнын еш нәрсе алмастыра алмайды. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген болатын жазушы Ғабит Мүсірепов. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітапхана қорындағы әдебиеттер мен басылымдарды пайдалануымен тығыз байланысты. Кітапханашының еңбегі – көбіне көзге көрінбейтін, бірақ қоғамға әсері зор жұмыс. Олар оқырманды ізденіске жетелейді, жаңа білімге бағыттайды, жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятады. Кітапханашылар тек қызметкер ғана емес, ол тәрбиеші, ұйымдастырушы, кеңесші, жол сілттеуші. Қазіргі таңда кітапханашылар жаңаша бағытта дамып келеді. Цифрлық ресурстар, электронды каталогдар, онлайн қызмет көрсету – осының барлығын бейімделу, жаңашылдыққа қадам басу кітапханашылардың өз ісіне деген адалдығын көрсетеді. Осы орайда білім мен руханият жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген барлық кітапханашыларды кісіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым еленіп, оқырмандарыңыз көбейе берсін. Қоғамды ізгілікке бастар жолда табысты қызмет тілеймін. Кітаптарды сөйлеткен, Білім жолын бейнелеп. Кітапханашы – шамшырақ, Жарық берер сейілдеп. Сөрелерде сыр тұнып, Сен тұрасың шырақ боп. Оқырманға жол ашып, Үйретесің шын оқып.
Анар АИМБЕТОВА,
№50 Абай атындағы орта мектеп кітапханашысы