Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін футболдан Премьер-лига командаларының бесінші туры басталады

Бүгін футболдан Премьер-лига командаларының бесінші туры басталады



Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-туры басталады.

Аталған тур 8 және 9 сәуір күндері өтеді. Бүгін, 8 сәуірде 4 ойын болса, 9 сәуірге қалған 3 кездесу белгіленген.
Бүгін, 8 сәуірде сағат 14:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) бесінші турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 17:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» (Ақтау), 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтёр» (Қарағанды) кездеседі.
Ал 9 сәуір күні, сағат 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.
08 сәуір 2023 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930