Шет елдерден фитосанитариялық сертификат арқылы тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімдер Шиелі кентіне әкелгеннен кейін қандай іс-шаралар жүргізілуі керек?
«Өсімдіктер карантині туралы» Заң талаптарының орындалуына сәйкес барлық сырттан әкелінетін өнімдер (жеміс-көкөніс, бақша, ұн, екпе көшеттер, ағаш материалдары т.б) міндетті түрде карантиндік тексеруден өтіп, карантиндік өнімнің жәй-күйін білдіретін «Фитосанитарлық сертификаты» болған жағдайда ғана жүкті белгіленген орнында қолдануға рұқсат беріледі. Осыған байланысты сырттан өнімдер тасымалдайтын кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар жеміс-көкөніс, бақша, ұн, картоп, екпе көшеттерін және ағаш материалдарын тасымалдау кезінде аса сақ болып, тек қана тексерілген фитосанитарлық сертификаты бар өнімдерді тасымалдауы қажет.
Фитосанитариялық сертификат дегеніміз- карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жәй-күйін куәландыратын құжат. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау болып табылады. ҚР-ның "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 13-бап, 2-1 тармағы, 5-тармақшасында "Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, тасымалданатын көлiк өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндiк тексеруге, сондай-ақ тиiстi актiлер ресiмделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндiк тексеруге жатады"-делінген.Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтінімдерді жіберу уақыты сағат 9:00-17:30 аралығында түскі үзіліс 13:00-14:30-ды қоса 18:30-ға дейін және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай карантиндік зиянкестерді, ауруларды және карантиндік арамшөптерді тұқымдарын таратпау немесе сырттан әкелмеу барлық азаматтардың негізгі міндеті.
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман
өсімдіктерді қорғау және карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторы





