Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өзгерістер

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өзгерістер



«Өсімдіктер карантині туралы» Заң талаптарының орындалуына сәйкес барлық сырттан әкелінетін өнімдер (жеміс-көкөніс, бақша, ұн, жем, екпе көшеттер, ағаш материалдары т.б) міндетті түрде карантиндік тексеруден өтіп, карантиндік өнімнің жай-күйін білдіретін «Карантиндік сертификаты немесе Фитосанитарлық сертификаты» болған жағдайда ғана жүкті белгіленген орнында қолдануға рұқсат беріледі. Осыған байланысты сырттан өнім тасымалдайтын кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар жеміс-көкөніс, бақша, ұн, жем, екпе көшеттерағаш материалдары т.бтасымалдау кезінде аса сақ болу қажет.

2023 жылдың 1 тамызынан бастап, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 2023 жылғы 1 маусымдағы № 211 бұйрығымен өзгеріс енгізілуіне байланысты» «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен 2 (екі) жұмыс күніне және «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 1 (бір) жұмыс күнінен 8 (сегіз) жұмыс сағатқа өзгертілгендігін хабарлаймыз.


 Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат, және Қазақстан Республикасының аумағында әкетуге карантиндік сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтінімдерді жіберу уақыты сағат 9:00-17:30 аралығында түскі үзіліс 13:00-14:30-ды қоса 18:30-ға дейін және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.


Карантиндік және фитосанитарлық сертификаттар тегін беріледі. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында үлгілер алынады.Осыған орай карантиндік зиянкестерді, ауруларды және карантиндік арамшөптерді тұқымдарын таратпау немесе сырттан әкелмеу барлық азаматтардың негізгі міндеті.


 ҚР АШМ АӨК МИК–нің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының сенім телефоны. 4-37-88, 4-16-97. Мекенжәй: Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21. Электрондық почта:kamalov.m@minagri.gov.kz.Толық ақпарат алу үшін байланыс номері: 8 778 347-07-01.

М.Камалов,
ҚР АШМ АӨК МИК-нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман
 өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
07 қыркүйек 2023 ж. 213 0