Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырттан келетін жеміс-жидектердің сапасы күмән туғызып отыр

Сырттан келетін жеміс-жидектердің сапасы күмән туғызып отыр


Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан тасымалданған жеміс-жидектердің сапасы күмәнді. Мемлекеттік инспекторлардың мәлімдеуінше, бұл елдерден әкелінген анар, алма, құрма жемістерінен камсток құрты сияқты карантиндік нысандар анықталған. Арнайы зертханалық сараптама нәтижесі күдікті растап отыр. Жалпы жыл басынан бері 418 тонна жемістің сапасына күмән туған. Соңғы тексеру барысында Қырғызстаннан әкелінген 30 тонна анар өнімі залалды болып шықты. Еуразиялық экономикалық одақтың арнайы заңнамасына сәйкес, мұндай өнімдер залалсыздандырылып жойылады немесе келген жағына кері қайтарылады. Бұл зиянкестер адам денсаулығына қауіп төндірмесе де, 300-ге тарта өсімдік түріне залалын тигізеді. Альмира Төребаева, ШҚО өсімдіктер карантині жөніндегі инспекция бөлімі басшысының міндетін атқарушы: – Жыл басынан өсімдіктер карантині инспекторлары 28 карантинді анықтаған. Олар – негізінен Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елінен әкелінген тауарлар. Бұл анар өнімі, алма, құрма, сонымен қатар ағаш өнімдерінен анықталып отыр. Шығыс шемірі деп аталатын құрт бойынша тиісті шаралар қолданылды.

www.24.kz
04 желтоқсан 2017 ж. 1 971 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031