Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өзгерістер

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы өзгерістер

«Өсімдіктер карантині туралы» Заң талаптарының орындалуына сәйкес барлық сырттан әкелінетін өнімдер (жеміс-көкөніс, бақша, цитрус, ұн, екпе көшеттер, ағаш өнімдері т.б) міндетті түрде карантиндік тексеруден өтіп, карантиндік өнімнің жай-күйін білдіретін «Карантиндік сертификаты немесе Фитосанитарлық сертификаты» болған жағдайда ғана жүкті белгіленген орнында қолдануға рұқсат беріледі.
Осыған байланысты сырттан өнім тасымалдайтын кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар жеміс-көкөніс, бақша, ұн, картоп, екпе көшеттерін және құрылыс материалдарын тасымалдау кезінде аса сақ болып, тек қана тексерілген карантиндік және фитосанитарлық сертификаты бар өнімдерді тасымалдауы қажет. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге – фитосанитарлық сертификат 3-жұмыс күн, Қазақстан Республикасының аумағында – карантиндік сертификат 1-жұмыс күні ішінде беріледі.
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жаңа редакцияда көзделген тармақтар 2021 жылғы 28 мамырдағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің № 172 бұйрығымен бекітілген және алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни, 2021 жылғы 7 тамыздан бастап күшіне енді. 2021 жылғы 7 тамыздан бастап фитосанитарлық және карантиндік сертификат алуға өтінім жіберу уақыты сағат 17:30-ға дейін болып өзгерді.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат, және Қазақстан Республикасының аумағында әкетуге карантиндік сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтінімдерді жіберу уақыты сағат 9:00-17:30 аралығында түскі үзіліс 13:00-14:30-ды қоса 18:30-ға дейін және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Карантиндік және фитосанитарлық сертификаттар тегін беріледі. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында үлгілер алынады. Осыған орай карантиндік зиянкестерді, ауруларды және карантиндік арамшөптерді тұқымдарын таратпау немесе сырттан әкелмеу барлық азаматтардың негізгі міндеті.
ҚР АШМ АӨК МИК–нің Шиелі аудандық аумақтық инспекция басшысы Әшімов Исламбек Әшімұлы азаматтарды жеке ісімен қабылдау уақыты: әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сағ: 15:00-18:00-ге дейін. Инспекцияның сенім телефоны. 4-37-88, 4-16-97. Мекен – жай: Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21. Эл.почта: kamalov.m@minagri.gov.kz. Толық ақпарат алу үшін байланыс номері: 8 (778) 347-07-01

М. Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының
бас маман өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы
23 қараша 2021 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031