Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары

Шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары



Фитосанитария қызметі уақытылы әрі сапалы орындалғандықтан ауылшаруашылығы дақылдарына және жайылымдарға зиян келген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Жаннат Дүзелбаева мәлім етті.
- Бұл жұмыстарға 25 техника қатыстырылып, оған 12 211 литр пестицидтер пайдаланылған. Осы мерзімде өсімдіктерді қорғау саласы бойынша фитосанитариялық бақылау жұмыстары нәтижесімен ҚР ӘҚБтК-нің 403-1 бабымен 36 ауылшаруашылығы құрылымдарына 865 800 теңге айыппұл салынды»,- деді Ж. Дүзелбаева.
Бүгінде облыс көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Өсімдіктер карантині де бақылауда.
- Біздің облысымызға тән карантиндік зиянкестер олар - калифорниялық қалқанша сымыры мен қауын шыбыны, карантиндік арамшөп - кекіре мен сарышырмауық болып табылады. Бүгінгі таңда калифорниялық қалқанша сымырына қарсы 63 га жер ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің өз қаражаты есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, өңделді. Ал, жатаған у кекіремен залалданған 381 га жер толығымен орындалды. Қауын шыбынымен залалданған 1608 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін инспекция тарапынан 108 нұсқама беріліп, олар толығымен орындалды, - деді Жаннат Дүзелбаева.
syr-media.kz
04 қазан 2018 ж. 875 0