Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛАДЫ

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСТАЛАДЫ



Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айында басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстағы аумақтық инспекция басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, шегірткенің италиялық прус жəне ерекше қауіпті азиялық түрлеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 25 мамырда басталып, бір ай уақыт көлемінде жүргізіледі. Облыс бойынша химикатпен өңделетін жер көлемі 144 392 гектарды құрайды. Бұл жұмыстарға 14 арнайы жер агрегаты, аэрозолды генератор, моторлы бүріккіштер, 4 дельтоплан және 2 ұшақ қолданылады.

Сонымен қатар, биыл саяқ шегірткеге қарсы 73,581 мың гектар жер және күріш зиянкесі саналатын жағалық шыбынға қарсы 4,908 гектар аумақ химиялық өңдеуден өтеді. 
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі.
18 сәуір 2018 ж. 1 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031