Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақытша шектеу қойылды

Уақытша шектеу қойылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарына уақытша шектеу енгізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов хабарлады.
– Жол желілерінің сақталуын қамтамасыз ету шаралары автокөліктерге көктем және жаз мезгілінде шектеу енгізуді талап етеді. Себебі, климаттық ерекшелік – жол бойындағы қозғалыс жағдайына, жұмыс режиміне тікелей әсер ететін фактордың бірі. Мәселен, қыс мезгілінен көктемге ауысу кезеңіндегі 0-15 градус аралығында жол желісі жұмсарып, ауыр салмақты көліктердің қозғалысына төтеп беру күшінен айырылады. Осыған қарап 40-50 тонна жүк тасымалдайтын көліктердің келтіретін зиянын бағамдауға болады. Айта кету керек, мұндай шектеулер жыл сайын енгізіледі және бұл тәжірибе ауа райы ұқсас өзге елдерде де қолданылады. V жол-климаттық аймаққа жататындықтан, бізде көктемгі шектеу 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жүргізіледі. Өткен жылы шектеу бойынша бірқатар түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Дегенмен, заң талаптарын  аттаған 177 жеке және заңды тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді инспекция басшысы.
Жиында халықаралық келісімдерге сәйкес төтенше жағдайларды жою және алдын-алу жөніндегі шараларды жүзеге асыратын, тез бұзылатын тауарлармен, дәрі-дәрмек тасымалымен айналысатын автомобильдерге шектеу қойылмайтыны айтылды. Сонымен қатар инспекция көктемгі шектеу кезіндегі заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды. Науқан 1-3 наурыз аралығында Самара - Шымкент тас жолының 1835 шақырымындағы Бірқазан кентінің маңында өтеді.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
02 наурыз 2018 ж. 1 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031