Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада шегірткеге қарсы 144 мың гектар алқап өңделеді

Қызылордада шегірткеге қарсы 144 мың гектар алқап өңделеді


Үстіміздегі жылы Қызылорда облысы бойынша 144 392 гектар алқап зиянкестерге қарсы өңделетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде шегірткенің италиялық прус және азиялық түрлері кездеседі.                                   «Ерекше қауіпті азиялық шегіртке зиянкестеріне қарсы жазғы-күзгі мониторинг қорытындысымен үстіміздегі жылға 78 849 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Өңдеу жұмыстарын 27 мамырдан 25 маусымға дейінгі аралықта жүргізу жоспарланып отыр. Шегірткенің бұл түрі облыстың барлық аумағында кездеседі. Әсіресе, Арал мен Шиеліде көбірек көрініс беріп отыр. Атап айтқанда, Аралда - 17,8, Шиеліде 16,9 гектар алқап азиялық шегіртке түріне қарсы өңделсе, ол Қазалыда - 10,8, Жалағашта 9,5, Жаңақорғанда - 7,1, Сырдарияда - 6,6, Қармақшыда - 6, Қызылордада - 4 мың гектарды құрайды», - дейді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов.
Италиялық прус түрі Арал ауданында шоғырланған, онда 44,1 мың гектар алқап аталмыш зиянкеске қарсы өңделеді. Ал Қазалыда - 10,5, Жалағашта - 9,2, Сырдарияда - 1, Қармақшыда - 0,7 гектар алқап өңдеуге жатқызылады. Жалпы алғанда, бұл бойынша 65 543 гектар жерге химиялық өңдеу жүрізіледі.
 
 
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ





25 сәуір 2018 ж. 1 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031