Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін іс-шаралар
Облысымызда ерекше қауіпті зиянкестер қатарына Азиялық және Итальяндық прус шегірткелері тіркелген. Аймағымыздағы ну қамысты жерлерде, күріш егістіктерінде көп тараған. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Жылына бір ұрпақ береді. Шегірткелердің жұмыртқалары күбіршеде жер астында қыстап шығады. Бір шегіртке күбіршек салғанда 2-3 дана салады. Күбіршектегі жұмыртқа саны 75-120 дана аралығында болады. Дернәсілдері ересек шегірткеге ұқсас боп туады. Дернәсіл 35-45 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жасқа өтеді. Химиялық өңдеу жұмыстарын дернәсілдердің 3-4 жасында жүргізгенде тиімділігі жоғары болады.
2018 жылға үйірлі шегірткелерге қарсы республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінеді. «РФДжБӘО» ММ Шиелі ауданы филиалы мамандарының зерттеу нәтижелері бойынша Шиелі ауданы көлемінде ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы – 17667 га, саяқ шегірткеге қарсы
аудан бойынша барлығы – 10484 га жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүрізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіллген уақытта адам денсаулығына, сыртта
жайылып жүрген малдарға, асыранды бал араларына зиянды екенін ескертеміз. Осы жоғарыдағы аталған жайларға байланысты химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезде, шегіртке дернәсілдері көптеп шыққан жерді әр ауыл округтеріндегі күріш егетін шаруашылық басшылыры мен жұмысшылары «РФДжБӘО» ММ Шиелі ауданы филиалы мамандарына немесе ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық аумақтық инспекциясына хабарласуды сұраймыз.
Байланыс тел.: 4-16-97, 4-37-88.
Ү.Арыстан,
ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы,
өсімдіктерді қорғау мемлекеттік инспекторы.