Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕР БЕТІНДЕ ҚАНША ЖӘНДІК БАР?

ЖЕР БЕТІНДЕ ҚАНША ЖӘНДІК БАР?


 
  1. Жер бетіндегі жәндіктер 400 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Осылайша жансақтау жағынан алғанда рекорд жасаушылардың қатарына кіреді. Динозавр дәуірін де бастарынан өткеріп, алғашқы адамдар пайда болғанда олардың көзіне шалынған тіршілік иесі.
  2. Әлемдегі әрбір шаршы мил жерде 26 млрд жәндік мекендейді. Ғалымдардың айтуынша, біздің планетамызда ғылымға белгісіз 5-10 млн жәндік түрлері тіршілік етеді.
  3. Барлық жәндіктердің көпшілігі ет қоректі болып келеді. Басым бөлігі тірі тіршілік иелерін қорек етеді. Өлекселердің етін жемейді.
  4. 500 грамм бал өндіру үшін аралар бір гүлден 10 млн рет бал шырын жинайды.
  5. Араларда бес көз бар. Олардың үшеуі басының жоғарғы жағында, екеуі алдында орналасқан. Бал аралары ызылдап ұшқан кезде қанаттарын минутына 11400 рет қағады.
  6. Таракандар бассыз тоғыз күнге дейін өмір сүре алады. Оның ұрғашысы жылына 2 млн жұмыртқа салады.
  7. Қазір әлемде 35 мыңға жуық өрмекші түрлері бар. Энтомологтар жұмбақ өрмекшілердің әлі де көптігін айтады.
  8. Жыл бойы өрмекшілер қоректенетін ұсақ жәндіктердің салмағы жер бетіндегі адамдардың жалпы салмағынан да артық.
  9. Amarobia өрмекшісі бірін-бірі жеп қоятындығымен ерекшеленеді. Тіпті оның балалары дүниеге әкелген соң анасын да жейді. Ұрпағын ойлаған еркегі ұйығу кезінде ұрғашыларын жеп, қосымша ас қорын әзірлейді.
  10. Қар шаянының қанында антифриз бар. Сондықтан олар 6 градус суыққа да төтеп береді. Алайда сол шаяндар ыстыққа төзімсіз. Оны алақаныңызға ұстап тұрсаңыз, жылу салдарынан дем де өліп қалады.
  11. Айырқұйрықтылар екі жыныс мүшесімен дүниеге келеді. Ол жұқа шыны секілді шытынағыш келетіндіктен, кездейсоқ жағдайда сынып қалуы мүмкін. Сондықтан жаратылыс оған қосымша сый жасаған.
  12. Әлемде құстың 9000 және құмырсқалардың 8800 түрі бар. Құмырсқалардың құстардан айырмашылығы – ұйықтамайтындығында.
  13. Көбелектердің дәм сезу органы артқы аяғының табанында. Ал қанаттары түрлі-түсті әрі әдемі. Жарықты кері қайтару қабылеті бар.
  14. Жазушы Владимир Набоков көбелектердің жаңа бірнеше түрін ашқан. Сондықтан оның бірі жазушының есімімен аталады.
  15. Жер шарындағы ең ірі көбелек – Attacus Altas. Қанатының ұзындығы 30 сантиметр келеді. Сондықтан кейбіреулер оны құстармен шатастырып алады.
  16. Әлемде шамамен 400 мың қоңыз түрі белгілі. Оның ең ірісі – 17 сантиметр.
  17. Жәндіктердің арасында тез ұшатыны инелік. Ол сағатына 57 шақырым жылдамдықпен ұшады.
  18. Шегірткенің бір секіргені өз денесінен 40 есе ұзын. Ал бүргенің секіргені денесінің ұзындығынан 40 есе артық.
  19. Ақбас қанатын минутына 62760 рет қаға алады.
  20. Кәдімгі үйде жүретін шыбындар өздері дүниеге келген жерден ұзап кетпейді. Кейде желмен ұшып 45 шақырымға дейін алыстап кетеді.
  21. Қара шегірткенің есту органдары алдыңғы аяқтарында орналасқан. Оның минутына қанша рет шырылдайтынына қарап ауа райын болжауға болады.
  22. Көкқасқа шегіртке тобымен жүргенде 50 млрд жәндіктерді жеп қояды. Ол Нью-Йорк тұрғындары жейтін тамақтан 4 есе көп.
  23. Көптеген елдерде жәндіктерді жеу әбестікке жатпайды. Мәселен, Таиланта шырылдауық торғайлар мен шегіртке өте жеңсік ас.
24.Оншақты балаң құрт жеу ересек адамдар үшін тәуліктік қажетті  ақуыз, май, көмірқышқылын қамтамасыз ете алады.
  1. Аборигендер ағаштарды болатын ақ құрттарды жейді. Ол дәмі жағынан омлетке ұқсас келеді.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ
16 сәуір 2018 ж. 2 424 0