Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің сегізінші кереметі

Әлемнің сегізінші кереметі


Менің бала қиялымдағы орындалмаған армандарымның бірі әлемнің жеті кереметін көру болатын. Өсе келе әлемнің сегізінші кереметі деген атауға лайық, керемет табиғатымен, миллиондаған алуан түрлі жануарларымен және сирек табиғи құбылыстарымен танымал мемлекетпен таныстым. Өміріңізде асыранды қолтырауын дегенді естуіңіз бар ма? Ал мен асыранды қолтырауынның арқасында бір көру өмірлік арманыма айналған, мен үшін әлемнің сегізінші кереметі саналатын Коста - Рика мемлекетімен таныстым. 1991 жылы Коста - Рика тұрғыны Гильберто әлдебір өзеннің жанынан өтіп бара жатып, сол көзіне оқ тиіп жараланған, өлім ауызында жатқан қолтырауынды тауып алыпты. Гильберто қолтырауынды қайығына салып алып, үйінде алты ай бойы емдеп, оны Почо деп атап кетіпті. Почо жызылғаннан кейін Гильберто оны тауып алған өзеніне апарып тастамақ болған екен, бірақ адам баласына бауыр басып қалған Почо Гильбертоның үйіне келіп, жақын жерде орналасқан көлшікте өмір сүре бастапты. Осы жағдайдан кейін Гильберто Почоны пайдаланып туристтерге арналған қойылымдар қоя бастапты. Көптеген туристерді Коста - Рикаға тартқан, қойылымдардың басты кейіпкері Почо 2011 жылы қартайған шағында дүниеден озыпты. Осы ерекше оқиғадан кейін менің Коста - Рика мемелекетіне деген қызығушылығым артып, көптеген қызық мәліметтер жинаған болатынмын. Енді өзім білетін мәліметтерді сіздермен бөліскім келіп отыр. Коста - Рика Солтүстік және Оңтүстік Американы жалғап жатқан, кішкене ғана территориясы және аз ғана халқы бар мемелекет. Оған қарамастан бұл мемлекет сұлу табиғаты мен алуан түрлі жан - жануарларымен әлемге танымал. Коста - Рика мемлекетінде 74 қорықтар мен мемлекеттік парктер орналасқан. Бұл қорықтардың ерекшелігі қорыққа тиесілі аймақтар адам аяғы баспаған, жабайы қалпында сақталған.Мұнда әлемдегі ең үлкен адам қоныстанбаған арал - Кокос орналасқан. Бұл арал адам аяғы баспаған ну ормандар мен жанартауларға толы.   Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қызығушылығы бар кез келген адам Коста - Риканы айналып өтпесі анық. Мұнда 6500 көбелектер, 220 бауырымен жорғалаушыларлар, 136 қос мекенділер, 1600 балық және 850 құс түрлері кездеседі. Тіптен Алахуэла атты қалада арнайы көбелек өсірумен айналысатын ферма да бар. Коста - Рикада әлемдегі ең кішкентай құс калибридің бірнеше түрі кездеседі. Бұл кішкене құс 1 минутта қанатын 200 рет қағады және артқы жағымен ұша да алады.  Коста - Рика аймағында сөнбеген жанатартаулар қатарына жататын Ареналь жанартауы орналасқан. Тік үшбұрыш тәріздес көлемі Аренальды басқа жанартаулардан ерекшелендеріп тұрады. Бұл жанартауға бару үшін жасалынған жол ну орманның үстімен өтеді және оның 16 аспалы көпірі бар. Ұзақ жолмен жүріп жанартау көруге бара жатқан адам Коста - Рикада тіршілік ететін 850 құс түрінің кем дегенде жүз түрін көреді екен.   Аренальдің жанында 1942 жылы тұрғылықты аңшылар байқап қалған Венадо атты жер асты үңгірі орналасқан. Бұл үңгірде 5000 миллионға жуық жарғанаттар тіршілік етуде. Сонымен қатар тасқа айналған теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің керемет бейнесі кез келген адамды тамсандырмай қоймас.   Коста - Рикада Монтеверде деп аталатын бұлтты орман бар. Бұл орман бұлтпен қапталған биік тау жоталарында орналасқан. Сонымен қатар орманға ешқандай өзен немесе жер асты сулары барып жатқан жоқ. Өзіне керек суды орман бұлттардан алады.  Осындай табиғатымен ерекшеленетін Коста - Рика мен үшін әлемнің сегізінші кереметі.

 
massaget.kz

24 қараша 2017 ж. 4 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031