Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер


«Өсімдіктер карантині туралы» Заң талаптарының орындалуына сәйкес, барлық сырттан әкелінетін өнімдер (көкөніс, бақша, жеміс, цитрус, ұн, екпе көшеттер, ағаш өнімдері т.б) міндетті түрде карантиндік тексеруден өтіп, карантиндік өнімнің жай-күйін білдіретін «Карантиндік сертификаты немесе Фитосанитарлық сертификаты» болған жағдайда ғана жүкті белгіленген орнында қолдануға рұқсат беріледі. Осыған сәйкес сырттан өнім тасымалдайтын кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар көкөніс, жеміс, бақша, ұн, картоп, екпе жеміс көшеттерін және ағаш өнімдерін тасымалдау кезінде тек қана тексерілген карантиндік және фитосанитарлық сертификаты бар өнімдерді тасымалдауы қажет. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге – фитосанитарлық сертификат 3-жұмыс күн, Қазақстан Республикасының аумағында – карантиндік сертификат 1-жұмыс күні ішінде беріледі.
     Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат және Қазақстан Республиксының аумағында әкетуге карантиндік сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтінімдерді жіберу үшін «электрондық үкіметтің»  www.egov.kz  веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
    

ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық аумақтық инспекция басшысының азаматтарды жеке ісімен қабылдау уақыты

Қабылдау күні
Қабылдау уақыты
Мемлекеттік органның орналасқан орны
Байланыс телефондары

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері
Сағат 15:00 ден, 18:00 ге дейін

Шиелі кенті, Бөгенбай батыр №21
8(72432)4-16-97
8-701-340-83-46
И.Әшімов,
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық
инспекция басшысы



02 маусым 2021 ж. 545 0