Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен реттелген.
Аудан көлемінен экспортқа шығару кезінде орын ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру қызметін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары жүзеге асырады. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21 ғимаратында орналасқан, байланыс телефоны 4-21-75.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру аудандық аумақтық инспекция арқылы азанғы сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:30 аралығы, сонымен қатар «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз кезек тәртібімен көрсетіледі. Ветеринариялық сертификатты алу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттар топтамасын ұсынады:
Белгіленген нысан бойынша өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат;
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде зертханалық сараптама актісінің көшірмесі;
Иттер мен мысықтарды тасымалдау кезінде ветеринариялық паспорттың көшірмесі;
Ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын квитанция көшірмесі.
Аудан көлемінен республика аумағынан сыртқа шығарылатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат алуға байланысты қосымша мәліметтерді аудандық аумақтық инспекцияға келіп алуға болады. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық инспекция басшысы Бағдат Дауренбеков азаматтарды жеке ісімен дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Халыққа көрсетілетін осы мемлекеттік қызметтерге сәйкес, қызмет алушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті ақпараттық стенді аудандық аумақтық инспекция ғимаратында орналасқан.
Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру аудандық аумақтық инспекция қызметкерлерінің басты міндеті болып саналады.
Р.Зілтаева,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Шиелі аудандық аумақтық
бас маманы