Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринария саласындағы жұмыстар пысықталды

Ветеринария саласындағы жұмыстар пысықталды

Бұрнағы күні Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.Апетовтың қатысуымен жиын өтті. Онда аудан көлемінде атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралар мен мемлекеттік қызмет көрсету және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – адамға кене шағу арқылы берілетін аса қауіпті ауру. Кенелердің көптеп кездесу мезгілі көктем, жаз айлары болса, кейде тамыз, қазан айларында да байқалып жатады. Бойында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышы бар кенелер шағу кезінде сілекей бездері арқылы адамның қанына ауру қоздырғышын енгізіп, өте қатерлі ауруға душар етеді. Сондықтан сақтық шаралардың барысын пысықтаған басқарма басшысы жиналыс барысында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан жүргізілетін бағалау-зерделеу жұмыстарына жауапкершілік танытуды аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпаров пен аудандық ветеринария басшысы Ж.Әбенге тапсырды.

Г.ДҮЙСЕБАЙ
14 қыркүйек 2019 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031