Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бүгін, 8 сәуірден бастап Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды.

Бұл ретте осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге квота енгізілді.
Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.
Қазақстан аумағынан тауар әкетуге арналған квота көлемін бөлу Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан аумағын карантин  объектілерінен және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.
08 сәуір 2023 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930