Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізден ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салынбақ

Елімізден ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салынбақ



Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды (ұрғашы) әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының аумағынан аналық ірі қара малды және аналық ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен бұйрықта.
Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлігінің тиісті комитеттеріне жүктеледі.
Құжатты ашық талқылау 9 наурызға дейін жалғасады.
Қоса кетейік, бұған дейін ел аумағынан көлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал екенін хабарлап едік.
03 наурыз 2023 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30