Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мал өсіретін фермерлік шаруашылықтардың санын бес есеге арттыру көзделіп отыр

Қазақстанда мал өсіретін фермерлік шаруашылықтардың санын бес есеге арттыру көзделіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ірі қара және ұсақ мал өсіретін фермерлік шаруашылықтардың санын 20 мыңнан 100 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ÒазаÒÑÑанда мал Ó©ÑÑÑеÑÑн ÑеÑмеÑлÑк ÑаÑÑаÑÑлÑÒÑаÑдÑÒ£ ÑанÑн Ð±ÐµÑ ÐµÑеге аÑÑÑÑÑÑ ÐºÓ©Ð·Ð´ÐµÐ»Ñп оÑÑÑ
«Ауыл шаруашылығы бағытында Қазақстанның экспорттық әлеуеті бар позицияларды айқындап алдық. Осыны бағдамдап отырсақ, Қазақстанның  экспорттық әлеуетінің ең жоғарысы - етті мал шаруашылығы. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының және өңделген азық-түліктің барлық экспорты 1,4 млрд теңгені құрап отыр. Ал етті мал шаруашылығы тұрғысынан біздегі әлеует 2,6 млрд теңгені жетеді», - дейді министр. Өмірзақ Шөкеевің айтуына қарағанда, етті мал шаруашылығын дамытудың негізін шағын отбасылық, шаруашылық - отбасылық фермалар құрайды. «Бағдарлама үлкен компанияларға қатысты десеңіз, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бұл - отбасылық фермалар туралы бағдарлама. Дәл осы ретте біздің бағыт оларға көмек қолын созудан тұрады. АҚШ, Канада, Австралия, Аргентина, Уругвай секілді дамыған елдерде өзінің тиімділігін айқын дәлелдеген модельді ұстанып отырмыз. Бірақ, десе де қазір Қазақстанда 150 асыл тұқымды шаруашылық бар. Біздің міндет - олардың санын он жылдың ішінде 310-ға дейін арттыру болып табылады. Бола ма, болады. Ірі қара малды ұстайтын 16 мың фермерлік шаруашылық, ұсақ мал ұстайтын 4 мың фермерлік шаруашылық бар. Барлығы - 20 мың. Біздің тапсырма - олардың санын 10 жылда 100 мыңға дейін жеткізу», - дейді министр. Өмірзақ Шөкеев бүгінгі күні қолда барымызды дамытумен айналысып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мал бордақылау алаңын соңғы 10 жылда 30 мыңнан 50 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.  

16 маусым 2018 ж. 947 0