Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 ЖЫЛДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНГЕ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 23 ЕСЕ ӨСТІ

5 ЖЫЛДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНГЕ ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 23 ЕСЕ ӨСТІ

Ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты. 
 «Осы уақытқа дейін ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Яғни, соңғы 5 жылда осы салаға құйылған инвестиция көлемі 23 есеге артты. Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілеріміздің қаржылық мүмкіндіктерін, олардың дамығандығын көрсетеді. Нәтижесінде, бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп отырмыз. 2017 жылы - 4,1 пайызға артып отыр», - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, аймақта егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Ал, күрішшілер әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін - 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.
 "Байқоңыр" агрохолдингінің құрылуы аймақтағы күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Айта кету керек, Ы.Жахаев атындағы ғылыми-зерттеу институты және Бүкілресейлік күріш институты бірлесіп Қызылорда облысы үшін арнайы күріш сұрыптарын шығаруда.
«Бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 %-ға асып түсті. Тек соңғы бір жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37%-ға өсті. Оның ішінде күріш экспорты - 39%-ға, бақша өнімдері – 3,5 есеге, көкөніс – 2 есеге өсіп отыр»,-деді облыс әкімі Қ.Көшербаев
14 ақпан 2018 ж. 1 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930