Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛАСЫ СӨЗ БОЛДЫ

АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛАСЫ СӨЗ БОЛДЫ


Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мәселелері бойынша селекторлық режимде жиналыс өтті. Аталған жиналысқа облыстық әкімдіктердің өкілдері қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Жиналыс барысында аймақтардағы астық нарығын тұрақтандыру, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері қарастырылып, талқыланды.
Қазақстан Республикасында астықты тасымалдауға мониторинг жүргізуді іске асыру барысы талқыланды.
Бүгінгі таңда құрылған жедел топ ілеспе құжатсыз тасымалданған астық бойынша 15 фактіні анықтады, құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әрі қарай өсімдік шаруашылығын субсидиялау мәселесі талқыланды. Айта кетейік, өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау 6 бағыт бойынша жүзеге асырылып, 73,7 млрд теңгені құрап отыр.
Былтырғы жылы тұқым шаруашылығын субсидиялау механизмі өзгертілген болатын. Элиталы және бірегей тұқымдарды субсиядиялау жаңартылып және бірінші репродукторлы тұқымды субсидиялау кезінде ең аз мөлшер алынып тасталынды.
Субсидиялаудың тиімділігін арттыру мақсатында селекциялық жетістіктерде 10 жылдан астам уақыт Мемлекеттік реестрге кірген тұқым сорттарын субсидиялау мәселесін шешу керек.
Сонымен қатар, аймақтармен минералдық тыңайтқыштарды қолдану, сұйық минералды тыңайтқыштарды енгізу, сұйық тыңайтқыштарды енгізу техникасына сәйкес келетін инвестициялық субсидиялау мәселелері қарастырылды.
Мал шаруашылығында былтырғы жылы субсидиялау жүйесі қайта қарастырылды, өндірілген өнімге (сиыр еті, сүт, құс еті, жұмыртқа, шошқа еті) бірегей қолжетімділікті қамтамасыз ету критерийлері қайта қарастырылып, кооперативтерге бірігу арқылы нақты өндірілген өнім бойынша субсидия алудың мүмкіндіктері артты.
Селекторлық жиналыс барысында бұрын қолданыста болған сүтті мал шаруашылығында асыл тұқымды малмен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу бағытынан жоғары сапалы ұрықты алу арқылы субсидиялауға көшу мәселесі талқыланды.
05 қаңтар 2018 ж. 1 348 0