Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТАДЫ

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТАДЫ


Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарауына ұсынылады. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған бағдарлама талқылау барысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы қыркүйек айында Елбасына таныстырылғаны белгілі. Осыған қатысты Елбасының тарапынан бірқатар сын-ескертпелер айтылды. Осының барлығы бүгін бізге ұсынылып отырған бағдарламада орнын тауып, нақты қорытындысы шығарылды,  – деді үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Үкімет басшысының баспасөз қызметі (https://primeminister.kz) мәлім еткендей, аталған бағдарламаны енгізудің нәтижесінде бүгінгі күнгі экономикалық тиімділік 2,2 трлн теңгені құрайтын болады. Премьер-министр оның көрсеткіштері алдағы уақытта да жоғарылайтынын айтты.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы технологиялық салаларды жаңғыртуға серпін беріп, еңбек өнімділігіне тиімді әсері болатынын мәлім етті.
Атап айтар болсақ, аталған бағдарлама оны іске асырудың бес негізгі бағытынан тұрады:
— «Экономика салаларын цифрландыру»;
— «Цифрлық мемлекетке көшу»;
— «Цифрлық Жібек жолын іске асыру»;
— «Адам капиталын дамыту»;
— «Инновациялық экожүйе құру».
Осы бес бағыт бойынша осы уақытқа дейін 17 бастама мен 120 іс-шара ұйымдастырылды. 12 мақсатты индикатор ұсынылады.
«Бағдарлама қосылған құнды қалыптастыру және экономикадағы шығындарды қысқарту тұрғысынан айтарлықтай әлеуетке ие, бұл 2025 жылдан бастап жылына 4,5-5% деңгейінде ел ЖІӨ-нің өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, шамамен 1,6-2,2%, яғни, үштен бір бөлігі тек цифрландырылуға жұмсалады», — деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Алдын ала есептеу бойынша, 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудың тікелей әсері 1,7-2,2 трлн теңгеге қосымша құнды құруға мүмкіндік береді, бұл 2025 жылға қарай жеке инвестицияларды есепке алғанда жалпы инвестициялар көлеміне инвестициялардың қайтарымын 4,8-6,4 есеге қамтамасыз етеді.
Отырыста мәселені қарау аясында «Зерде» ҰБХ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев, сарапшы Сергей Перапечка сөз сөйледі, сондай-ақ, тақырыпқа қатысты Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев түсініктеме беріп өтті.
Еркін ҚАЛДАН
04 желтоқсан 2017 ж. 2 602 0