Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ағаш экспортына тыйым салынады

Қазақстанда ағаш экспортына тыйым салынады

Қазақстанда ағаштың жекелеген түрлерін экспорттауға мораторий жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ресейден шыққан ағаш материалдарын рұқсатсыз қайта экспорттауға жол бермеу үшін, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ете отырып, ағаштың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге шыққан еліне қарамастан алты ай мерзімге тыйым салынады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ведомствоаралық комиссия отырысында экспорттық мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр алты ай сайын шектеулерді автоматты түрде жаңарту туралы ұсынысты мақұлдады.

Сондай-ақ басқосуда күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майының экспортының квотасын ұлғайту және табиғи уран мен оның қоспаларына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мүмкіндігі жайында талқыланды.
Әлихан Смайылов тұқым өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу керектігін баса айтып өтті.


https://stan.kz​​​



19 қазан 2021 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031