Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шет елден келген карантинге жатқызылған өнімдерге қойылатын талаптар

Шет елден келген карантинге жатқызылған өнімдерге қойылатын талаптар

 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы, ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізігі элементі.Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау кезінде оларды қауіпті, аса қауіпті, және карантиндік организмдермен зақымдануы мен жойылуынан сақтауды қажет етеді.Ал бұл функцияларды фитосанитариялық қызметі, яғни ҚР АШМ АӨК МИК-нің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы жүзеге асырады. ҚР АШМ  Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының негізігі міндеттерінің бірі, ол ауданымыздың аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау, аудан аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету, карантинге жатқызылған өнімдердің фитосанитариялық талаптарға сәйкестігіне тұрақты бақылау жүргізіп, аса қауіпті және карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтап, оларға қарсы оқшаулау және жою шараларын тұрақты түрде жүзеге асыру болып табылады.Өсімдіктер карантині туралы Заңының 13-ші бабына сәйкес: Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастауға және аяқтауға фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі. Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.Уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.Фитосанитарлық қызметімен экспортталатын өнімдерге тұрақты бақылау жасалып және аудан аумағында карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау мақсатында, оларға қарсы зерттеу, оқшаулау және жою жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуде жоғары талаптар қойылады. Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен аудан аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуал қамтамасыз етілуде.Карантиндік объектілер туралы немесе фитосанитарлық қызмет туралы қандайда бір ақпараттар қажет болған жағдайда, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі № 21 мекенжайына немесе 8 (72432) 4-37-88 телефон нөміріне хабарласуға болады.
                                                                              
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман
 өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
19 желтоқсан 2024 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031