Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ ПОШТА: ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ, ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС

АУДАНДЫҚ ПОШТА: ТҰРАҚТЫ ҚЫЗМЕТ, ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС

Әлемде таңның атысымен тіршілігі қызатын талай сала бар. Бірі – өндіріс, бірі – білім, енді бірі – медицина десек, олардың арасында көзге көріне бермейтін, бірақ қоғамға қызметі өлшеусіз бір мамандық бар. Ол – пошта саласы. Адам мен адам арасын жалғап, хат-хабар тасып, сәлем мен сағынышты арқалап, өмірді байланыстыратын сала. Пошта – жай ғана қызмет емес. Ол – тарих. Ол – сенім. Ол – байланыс. Қазір технология дамып, сан түрлі байланыс құралы көбейсе де, поштаның орны ерекше. Себебі поштамен келген сәлемдеме – қолға ұстап, жүрекпен сезінетін сағыныштың өзі. Осы саланың күнделікті тыныс-тіршілігіне тоқталып, аудандық поштаның ел үшін жасап жатқан жұмысын бағамдау үшін Шиелі аудандық пошта байланыс торабына ат басын бұрған едік.

Қызмет – тұрақты, сенім – нық Шиелі аудандық пошта байланыс торабы – аймақ тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан бірден-бір мекеме. Қазіргі таңда мұнда 65 қызметкер еңбек етеді. Олар 11 ауылдық пошта бөлімшесі арқылы аудан халқын ақпаратпен, с ә л е м д е м е м е н , з е й н е т а қ ы , әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуде. Аудандық пошта торабының басшысы Медет Есдәулетұлының айтуынша, мекеменің басты ұстанымы – жылы қабақ, жылдам қызмет, үздіксіз байланыс. «Пошташы – ауылдағы ең сенімді адам. Өйткені ол халықпен бірге тікелей жұмыс істейді. Қолында – хат, ішінде – үміт. Сондықтан біз бірінші кезекте адаммен қарымқатынасқа мән береміз», – дейді мекеме басшысы. Заманауи пошта – мүмкіндіктер алаңы Бүгінде «Қазпошта» тек хатхабар таратумен ғана шектелмейді. Қаржылық, брокерлік, агенттік қызметтер де қатар көрсетілуде. Бұл – шалғай ауыл тұрғындары үшін қалаға сабылмай, бар шаруаны бір жерден бітіруге үлкен мүмкіндік. А й с а й ы н ш а м а м е н 4 0 0 0 сәлемдеме мен 2000 хат аудан аумағына жеткізіледі. Бір жылда бұл көрсеткіш 35-45 мың аралығында. Бұл – пошта қызметінің әлі де сұраныста екенін білдіреді. Ал пошташылардың бір күні таңғы 9:00-де басталады. Ең әуелі өз учаскесіне тиесілі хат-хабар мен газеттерін тарату парағына сәйкестендіріп сұрыптайды. Сосын арнайы бағдарлама арқылы деректер жүйеге енгізіледі. Түске дейінгі уақытта бүкіл мекенжайлар бойынша хаттар мен сәлемдемелер тұрғындарға жеткізіледі. Кешкі 16:00-де олар қайтадан кеңсеге келіп, тарату парағын жабады, есеп тапсырады. Күн сайын дәл осылай. Жаңбыр ма, боран ба – пошта жүре береді... Еңбек елеусіз қалмайды Мекемеде ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер жетерлік. Мәселен, Рая Жиенбаева – 1988 жылдан бері сұрыптаушы болып жұмыс істейді. Сол секілді Ұлжан Айтбайқызы да Бұланбай ауылдық бөлімшесінің тұрақты әрі жауапты басшысы. Ол да пошта саласында 37 жылдан бері қызмет етіп келеді. Олар үшін бұл – жай жұмыс емес, өмір салтына айналған мамандық. Ауыл тұрғындары да бұл кісілерді ерекше құрметтейді. Себебі жылдар бойы хат-хабарын, зейнетақысын, сүйікті газет-журналын үзбей жеткізіп жүрген алтын қолды пошташылар – ауыл тіршілігінің ажырамас бөлігі. Түйін: Бүгінгі заман бізге ақпараттың жылдамдығын сыйлады, бірақ ештеңе адам арасындағы шынайы байланыс пен сенімді ­алмастыра алмайды. Пошта – уақыт пен кеңістікті жеңетін, жүректен жүрекке жол тартатын ерекше әлем. Ол – тек хат-жазба ғана емес, ауылдың тынысы, елдің үміті, әр шаңырақтың қуанышы мен қайғысын бөлісетін тірек. Шиелі аудандық пошта байланыс торабы – осы қасиетті қызметтің лайықты мұрагері. Оның әрбір қызметкері – ауыл-аймақтың жан тыныштығын сақтап, адамдарды біріктіретін алтын көпірдің алтын ұстасы. Олардың еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жылы тиетін ең үлкен сый. Пошта – бұл тек өткеннің естелігі емес, бүгіннің өміршең үміті, ертеңнің іргетасы. Сондықтан әр хатты, әр сәлемдемені құрметтеп, әр пошташының еңбегін бағалайық. Өйткені пошта арқылы жеткен сөздер – адамды жақындатады.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ 

14 қазан 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031