Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ДАМУДА

ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ДАМУДА

18 қыркүйек күні «Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында»аудандық «Қазпошта» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы Шиелі аудандық пошта байланыс торабының басшысы Куттубаева Бахыт Жусупбекқызының қатысуымен брифинг өтті.
Аудандық пошта байланыс торабының міндеттеріне – ірі габаритті жөнелтілімдер, хаттар мен сәлемдемелер, ақша аударымдарын қабылдау, өңдеу, жіберу, табыс ету және жеткізу, зейнетақы және жәрдемақы мен газ төлемдері, ақша айырбастау жатады. Сонымен қатар, пойыз және авиа билеттерін сату қызметтері, түрлі банктер арқылы несие беру, депозиттер ашу қызметтерін жүргізеді.
Қазақстандық пошта айтарлықтай дамуда, осы кезеңде жаңа жобалар енгізілуде. Жаңа форматтың бірі - сәлемдеме супермаркетінде клиенттер кезекке тұрмай, өзіне тиімді уақытта сәлемдемесін алады. Сәлемдеме супермаркетінде арнайы терминалға сәлемдеменің трек нөмерін немесе ұялы телефонның нөмерін енгізеді. Терминалда сұраныс болған сәлемдеменің сөресі, қатары, ұяшықтары көрсетілген талон беріледі, - деді Б.Куттубаева баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.
Брифингке қатысушылар газет-журналдардың шалғай елді мекендерге барынша уақтылы жеткізілуі жөнінде сауалдарын қойып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.
#Шиелі
#Шиеліауданыәкімдігі
#Қызылордаоблысыәкімдігі
19 қыркүйек 2018 ж. 1 189 0