Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

2018 жылдың 29 тамызындағы аудандық сайлау комиссиясының №АСК-03/06 шешіміне сәйкес және аудан әкімінің 2018 жылғы 29 тамызындағы №375 өкімімен Гигант ауылдық округі әкімі болып Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы тағайындалды.
Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы 1974 жылы 5 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992-1994 жылдары Қазақстанның 30 жылдық совхозында жұмысшы болып бастаған.
1994-1997 жылдары Бәйгеқұм ұжымында материалдық есепші;
1998-2000 жылдары Қазақшетсақтандыру компаниясында брокер;
2000-2001 жылдары «Шиелі астық» акционерлік қоғамының диірменші шебері;
2001-2003 жылдары Бәйгеқұм пошта торабына қарасты байланыс бөлімінің пошта меңгерушісі;
2003 жылдың наурыз айынан осы күнге дейін Шиелі аудандық статистика басқармасының жетекші маманы қызметін атқарып келген.
Отбасылы, бес қыз тәрбиелеп отыр.

Шиелі Ауданы Әкімдігі ФБ парақшасынан
10 қыркүйек 2018 ж. 2 022 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30