Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ


Жұмаділ Маратжан Асқарбекұлы Шиелі ауданы әкімінің 2018 жылғы 6 наурыздағы №150 өкіммен «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды. 
Жұмаділ Маратжан Асқарбекұлы 1977 жылы 2 желтоқсанда Шиеліауданы, Ақмая ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 
2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1994-1997 жылдары Авангард серіктестік шаруашылығының №2 өндіріс бригадасында жұмысшы болып бастаған. 
2002-2008 жылдары «Шиелі-Авангард» ЖШС-де бас бухгалтердің көмекшісі;
2008-2015 жылдары аудан әкімі аппаратының бухгалтері, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, талдау және өңірлік бағдарламалар мониторингі бөлімінің бас маманы, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту және есеп бөлімінің бас инспекторы;
2015 жылдың мамыр айынан осы күнге дейін аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің бас инспектор-бас есепшісі қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Шиелі Ауданы Әкімдігі фейсбуг парақшасынан
11 наурыз 2018 ж. 1 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930