Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сенім» сыйлықтар ұсынады

«Сенім» сыйлықтар ұсынады


«Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторы компанияның 25-жылдық мерейтойына орай «Kazpost-тан сыйлықтар жылы» зейнетақы мен жәрдемақы алушылар үшін сыйлықтар ұтысын өткізуде. Зейнетақы және жәрдемақы алушылар арасында ұтыс ойыны өткізіліп, нәтижесінде бірқатар тұрғындар ақшалай сыйлықтардың иегері атанды.

Сонымен қатар, «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы және жәрдемақы алуға арналған ағымдағы немесе карточкалық шот ашқан тұтынушылар50 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейінгі сомаға тұрмыстық  техниканы сатып алуға арналған сертификаттар ұтып ала алатын көрінеді.
Тағы бір айта кететін жайт, кез келген «Қазпошта» бөлімшесінде картаны немесе ағымдағы шотты тегін ашып, ағымдағы шоттар арқылы өтетін кіріс және шығыс операциялары бойынша транзакциялар туралы смс хабарламалар мен  коммуналдық қызметтерді ақысыз төлеуге алуға мүмкіндік бар екен. Мұнымен қоса, «Хоум кредит», «Азия кредит», «Альфа», «Займер» банктері арқылы жеңілдікпен несие алуға болатындығы аян болды.
Әбіл АСАН.
19 тамыз 2018 ж. 1 305 0