Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тарту жұмыстары күшейтілді

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тарту жұмыстары күшейтілді



Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тарту жұмыстары күшейтілді. Зейнетақы жарналары түспейтін шоттар өңделіп, оларға талдау жасалған. Әзірге 117 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Нәтижесінде 25 мыңнан астам жеке зейнетақы шотына 150 миллион теңге міндетті зейнетақы жарнасы аударылып отыр. «Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – дейді Зейнетақы қорының басшылығы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылдың алғашқы төрт айын қорытындылады. Қор өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бүгінде 8,13 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,21 триллион теңгеге көп. Ал Қордың проблемалық активтерінің көлемі 41 миллиард теңгеге жеткен. Дегенмен бұл табыс табуға кері әсерін тигізіп отырған жоқ. Мысалы, Қордың зейнетақы активтерінің жылдық табысы 8,8 пайыз болған. Мәмилә Мұсабекова, «БЖЗҚ» АҚ департамент директоры: – Осы 4 айдың ішінде салымшылармен, алымшылардың шоттарына түскен инвестициялық табысты айта кететін болсақ, ол 169,3 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы сәйкес уақытымен салыстырғанда 83 пайызға артып отыр.

24.kz
31 мамыр 2018 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031