Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазпошта» қызметі халық үшін

«Қазпошта» қызметі халық үшін

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, отандастардың әл-ауқатының жақсаруына өзінің сүбелі үлесін қосып келе жатқан, көптеген алып шаһарлар мен ауылды елді-мекендерде пошта және қаржы қызметін көрсетуде сенімді оператор ретінде өзін танытып үлгерген кешенді кәсіпорын. Заманауи пошта индустриясы қазіргі таңда түбегейлі өзгерістер үстінде десек, қағаз жөнелтілімдерінің әжептәуір қысқаруы мен электронды коммерция саласы дамуының нәтижесінде сәлемдемелік жөнелтілімдер көлемінің едәуір өсуін ескере отырып, ұлттық пошта операторларының дәстүрлі бизнес-модельдері қайта құрылуда.
«Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Шиелі аудандық пошта байланыс торабының міндетіне – ірі габаритті жөнелтілімдер, хаттар мен сәлемдемелер, ақша аударымдарын қабылдау, өңдеу, жіберу, табыс ету және жеткізу, зейнетақы және жәрдемақы мен газ төлемдері, ақша айырбастау жатады. Сонымен қатар, пойыз және авиа билеттерін сату қызметтері, түрлі банк­тер арқылы несие беру, депозиттер ашу қызметтерін жүргізеді.
«Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында» аудандық «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Шиелі аудандық пошта байланыс торабының басшысы Бақыт Құттыбаева қатысуымен брифинг өтті. Ең алдымен бұқара халыққа қызмет көрсететін бұл кәсіпорын дер кезінде белсенділік танытып, тапсырмаларды орындай алады. «Қазпошта» жөнелтілімдерінің бақылау уақыттарын қысқартып, осы бағыттағы логистикалық шығындарды оңтайландыруға жағдай туғызуда.
Қазақстандық пошта айтарлықтай дамуда, осы кезеңде жаңа жобалар енгізілуде. Жаңа форматтың бірі – сәлемдеме супермаркетінде клиенттер кезекке тұрмай, өзіне тиімді уақытта сәлемдемесін алады. Сәлемдеме супермаркетінде арнайы терминалға сәлемдеменің трек нөмерін немесе ұялы телефонның нөмерін енгізеді. Терминалда сұраныс болған сәлемдеменің сөресі, қатары, ұяшықтары көрсетілген талон беріледі, – деді Б.Құттыбаева баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

«Өскен өңір» ақпарат.
09 қазан 2018 ж. 956 0