Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады.

Тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады.


Қызылорда облысындағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкінің» АҚ салымшылары «Қазпошта» АҚ арқылы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚТҚЖБ Қызылорда филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Бану Ержанова мәлімдеді.

Енді тұрғындар банк ғимаратына келмей-ақ, «Қазпошта» арқылы депозит ашу және толықтыру, несие төлеу, тағы басқа қызметтерді артық төлемдерсіз жүзеге асырады.  Бұл жағдай ауыл, аудан халқы үшін  тиімді  болмақ. Осы ретте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»  «Қазпошта» АҚ заңды кеңесші ретінде жариялап, бірлесе жұмыс жасауы банк клиенттеріне қызмет түрлерін пайдалануды ыңғайлы етіп отыр. Бүгінде аудандардағы  жалпы саны 36 пошта бөлімшесі автоматтандырылып, банк операцияларын орындауға дайын. Сонымен бірге Қызылорда қаласында 4 бөлімше бағдарлама бойынша жұмыс жасауға кіріскен.
– Қазіргі кезде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымдар бойынша 13,3 пайызға дейінгі ең тиімді мөлшерлеме ұсынып отыр. Сондай-ақ, 2 пайыздық негізгі мөлшерлемесі бар депозит бойынша мұндай табыс дәл осы 20 пайыз көлемдегі мемлекеттің  сыйақысы есебінен қалыптасады. Мемлекеттік сыйақы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сома бойынша есептеледі. Бұл дегеніміз биылғы жылы 418000 теңгені құрап отыр. Жыл бойы біздің клиент осындай сома жинаса не оны бірден шотына салса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 96200 теңгеге тең ең үлкен сыйлықақыны иемденетін болады, – деді Бану Ержанова.
Брифингте «Қазпошта» АҚ облыстық фи¬лиалы директорының орынбасары Салтанат Ес¬бол¬ғанқызы банк қызметі жүктелер алдында қала, аудан, ауыл орталықтарындағы бөлімшелерде жұ¬мыс жасайтын мамандарға түсіндіру жұмыстары жүр¬гізілгенін айтты. Алдағы уақытта банк бағ¬дар¬ламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты барлық аудандар бойынша техникалық оқытулар жүргізу жоспарланып отыр екен.
 
Айта кетерлігі, осы жылдың 9 қаңтар мен 8 ақпан аралығында «Өз үйім» бағдарламасы аясында «Арай-3» ықшам ауданында орналасқан  4 қабатты тұрғын үй, яғни 100 пәтерге өтініш қабылдау басталған. Басты талап тұрғын үй құнының 30 пайызын жинақтау қажет. Нысанның 1 шаршы метр бағасы бұрын 140 мың теңге болса, қазір 120 мың теңге.
18 қаңтар 2018 ж. 1 159 0