Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘСКЕРИ МАМАНДАР БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ

ӘСКЕРИ МАМАНДАР БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ


Келер жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әскери қызметкерлерге арналған жаңа бағдарламаны ұсынады. Осыған орай, әскери мамандар бюджеттен алатын тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, баспаналы бола алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев мәлімдеді.
- Біз бұл жобаның болашақта үлкен сұранысқа ие болатынын көріп отырмыз. Себебі аталған бағдарлама туралы айтыла бастаған кезден бастап бір-екі айдың ғана ішінде 400-дей әскери қызметкер банкіміздің салымшысы атанып үлгерді. Жаңа модель қай жағынан алсаң да тиімді болмақ. Біріншіден, тұтынудан қаражат сақтап, ақша жинауға көшуге мүмкіндік береді, себебі әскери және арнайы орган қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін баспаналы боламын деп жинай бастайды. Екіншіден, жаңа механизмнің арқасында бюджет шығындары әскери қызметкерлердің баспаналы болуы үшін жұмсалады, ал қазір ол қаражат жалға берушілердің қалтасына кетіп жатыр. Үшіншіден, әскери қызметкерлерді несиелендіру бір өнім аясында жүзеге асырылатын болады. Яғни тұрғын үй төлемдерін алушылар мен тұрғын үй төлемдерінің көлемі бір орталықтандырылады, республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаның қалай пайдаланылып жатқандығы ашық жүреді," - деді Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында тұратын 44 045 азамат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, оны толықтырып келеді. Олар өз шоттарында жалпы сомасы 13 млрд 306 млн теңге болатын салымның басын құраған.

Өңірлік Коммуникациялар Қызмет фейзбук парақшасынан.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031