Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДЕГІ ИПОТЕКА МӨЛШЕРЛЕМЕСІ ЕҢ ТӨМЕН 10 МЕМЛЕКЕТ

ӘЛЕМДЕГІ ИПОТЕКА МӨЛШЕРЛЕМЕСІ ЕҢ ТӨМЕН 10 МЕМЛЕКЕТ


Отандық «Нұрлы жер» бағдарлама аясындағы алғашқы жарнасы үй құнының 30%-ын құрайтын несие бойынша мөлшерлеме 5%-дан басталады. Ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары банкте депозит ашқан соң үш жыл көлемінде барлық тәртіпке сай ай сайын төлем жасап, пәтер бағасының 50%-ын жинаған азаматтар банк ұсынған 3,5% және 5% аралығындағы мөлшерлеме бойынша пәтер алу мүмкіндіне ие болады. Ал өзге мемлекеттерде ипотека мөлшерлемесі қандай?
Baq.kz ақпарат агенттігі vestifinance.ru басылымына сілтеме жасай отырып әлемдегі ипотека мөлшерлемесі ең аз мемлекеттердің тізімін ұсынады.



1. Жапония
Ипотека мөлшерлемесі — 1,21%
Әлемдегі ең арзан ипотека Жапония елінде беріледі. Бұл жерде ақшаның құнсыздану қаупі төмен, ал жылжымайтын мүлік тым қымбат. Токиода орналасқан үйлердің шаршы метрі — 7-8 мың доллар. Сол себепті, жергілікті тұрғындар көбінесе ипотеканың көмегіне жүгінеді. Ал Осака, Кобэ және Йокогаме сынды қалалардан 5-6 мың долларға үй сатып алуға болады.
2. Швейцария
Ипотека мөлшерлемесі 1,42%
Жапония еліндегідей Швейцария да өзгелерінен қымбат жылжымайтын мүлігімін ерекшеленеді. Мұнымен қатар, аталған мемлекетте 50-100 жылға дейін берілетін ұзақ мерзімді ипотека түрі бар.
3. Финляндия
Ипотека мөлшерлемесі — 1,53%
Финляндиядан шағын үй табу мүмкін емес. Сол себепті бұл елде де жылжымайтын мүлік бағасы қымбат. Әсіресе, аталған елдің ірі қалаларынан арзан үй табу қиын. Турку, Эспоо, Тампер немесе Ванта сынды шағын қалалардан ғана қолжетімді баспана табуға болады.
Бүгінгі таңда жаңа салынып жатқан үйлердің бір шаршы метрін 2300-2700 еуроға сатып аласыз. Үйдің бағасы орналасқан ауданы және ғимараттың қанша қабатты екенімен тікелей байланысты. Ал ескі үйлердің шаршы метрінің бағасы – 1000-1500 еуро.
4. Швеция
Ипотека мөлшерлемесі — 1,87%
Швециялықтардың 90%-ы үйлерін ипотекаға сатып алады. Бұған несие мөлшерлемесінің аз болуы себеп. Әдетте ипотекалық несиелер 50-70 жылға дейін беріледі.
5. Словакия
Ипотека мөлшерлемесі — 1,92%
Словения Орталық Еуропаның оңтүстік бөлігінде орналасқан кішігірім мемлекет. Еуропа Одағының құрамына 2004 жылы кірген. Жылжымайтын мүлік бағасы осы одақ құрамына кіргеннен кейін қарқынды түрде өскен. Уақыт өте келе Словения Шенген келісіміне қол қойған соң, аталған мемлекетте жаңа үйлер салына бастайды. Бірақ, дағдарыс салдарынан бұл құрылыстар тоқтап тұр. Астанаға жақын маңда орналасқан қалалардағы үй бағасы қымбат. Словенияның астанасы Люблянде үйдің шаршы метрінің бағасы – 2000-2500 еуро.
6. Германия
Ипотека мөлшерлемесі — 1,99%
Көптеген шетелдік инвестор Германиядан жылжымайтын мүлік сатып алуға тырысады. Оның үстіне Германия нарығы Еуропадағы қарқынды түрде дамып келе жатқан нарық түрі.
7. Чехия
Ипотека мөлшерлемесі — 1,99%
Бүгінде чехиялықтар үйлерін көбінесе ипотекаға сатып алады. Халық үй сатып алуға қаражаты болса да, ипотеканың көмегіне жүгінеді. Себебі, бұл елде ипотекаға үй сатып алу әлдеқайда тиімді.
8. Литва
Ипотека мөлшерлемесі — 2,03%
Литва ипотекасы басқаларынан сақтандыру жүйесімен ерекшеленеді. Бұл елде несие 21 жастан бастап беріледі. Несиенің ең төмен соммасы — 15 мың, ал максимум 60 мың долларды құрайды.
9. Тайвань
Ипотека мөлшерлемесі — 2,04%
Тайвань да ипотека мөлшерлемесі төмен мемлекеттердің қатарына кіреді. Шетелдік инвесторлар көбінесе жылжымайтын мүлікті Тайбэй қаласынан сатып алады.
10. Австрия
Ипотека мөлшерлемесі — 2,10%
Ипотека мөлшерлемесі төмен мемлекеттердің ондығын Австрия бекітеді. Бұл елде ипотека мөлшерлемесі – 2,10%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 31 желтоқсанында №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бекітілген. Мамандардың айтуынша, аталған бағдарламада «Қазақстан Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ) бағыты бойынша бүгінгі күні ипотекалық тұрғын үй алу ең тиімді. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органда (бұдан әрі – ЖАО) кезекте тұрған азаматтар ғана үй ала алады.
04 желтоқсан 2017 ж. 1 621 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031