Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ӘМБЕБАП АГЕНТ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

«ӘМБЕБАП АГЕНТ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ


Пошта байланыс торабында тың жаңалықтар мен жүйелі қызмет түрлері іске асып келеді.
– Шиелі ауданында «Әмбебап Агент» пилоттық жобасы іске қосылуда. Жобаның мақсаты – «Қазпошта» ұлттық почта операторының көмегімен елді мекендерде «Азаматтарға арналған үкімет» порталының қызметтерін, өзге де онлайн қызметтерді қолжетімді ету, – дейді Шиелі аудандық пошта байланыс торабының бастығы А.Бимағанбетов сәрсенбі күні өткен брифинг барысында.
Сондай-ақ, жаңа қызметтер қатарында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі ұсынатын қызметтерді, яғни мемлекеттік органдар тарапына жазылатын арыз-шағымдарды, өтініштерді ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелері арқылы ұсыну мүмкіндігі де бар.
Оның айтуынша, алдымен ауылдық жердегі пош­та қызметкерлерін арнайы оқу курсынан өткізіп, тест қабылдау жоспарланған. Бұл жұмыстарды 14-ші маусымнан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталығының» мамандары мен аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері жүргізуде. Оқу курстары аяқталып, тестілеуден өткен қызметкерлер белгілі болса, пилоттық жоба 1-ші шілдеден бастап еліміздің барлық аймақтарында іске қосылуы тиіс. Жоба өзектілігін көрсеткен жағдайда, пошта бөлімшелеріндегі қызметкерлер саны да артуы мүмкін.

«Өскен өңір» ақпарат
19 маусым 2021 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031