ПОШТА ТАРИХЫНЫҢ СЫРЛЫ ПАРАҚТАРЫ

1. Ең алғашқы пошта жүйесі б.з.д. 2400 жылы Месопотамияда пайда болды. Бұл кезеңде хабарлар арнайы курьерлер арқылы жеткізілген. Олар өздерінің жылдамдығымен және адалдығымен ерекшеленген. 2. 1840 жылы Ұлыбританияда ең алғашқы пошта маркасы — «Пенни Блэк» шықты. Бұл марка пошта қызметін әлемге кеңінен таратуға септігін тигізді. 3. XIX ғасырда пошта хабарларын жеткізу үшін аттар, пойыздар, қайықтар сияқты әртүрлі көлік қолданылды. Бұл хабарламалардың алыстағы жерлерге тез жетуіне мүмкіндік берді. 4. Ең ұзақ хат жету уақыты – бір айдан астам уақыт. АҚШ пен Англия арасындағы хат алмасуда осындай ұзақ уақыт кеткен жағдай тіркелген. 5. Қазіргі уақытта электронды пошта жылдам әрі тиімді болғанымен, дәстүрлі пошта қызметі әлі де қолданыста және маңызды. Бұл пошта қызметінің адамзат өміріндегі маңыздылығын көрсетеді. 6. 9 қазан — халықаралық пошта күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн пошта қызметінің дамуына және оның қоғамдағы рөліне құрмет көрсету үшін белгіленген. 7. Ежелгі Грекияда соғыстың жиі болғандығы салдарынан пошта жүйесі баяу дамыды. Үкімет хат тасу үшін жаяу пошташыларды жұмысқа алды, олар гемеродром деп аталды. Олар сағатына кемінде 10 шақырым жаяу жүретін болған. Аса маңызды хабарларды жеткізу үшін атқа, не түйеге мінген пошташыны жұмсайтын болыпты. Мысалы, Александр Македонский кезінде өз штабында түйемен жүретін пошташыларды ұстаған деседі. 8. Қазақстанда ресми пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Верныйда (Алматы қаласы) ашылды, ол көп ұзамай пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылған. Ал 1883 жылы оған 14 пошталық байланыс бөлімшесі бағынатын болған. Кейін Сырдария облысының Ташкенттегі пошта кеңсесіне бағынатын Перовск қалалық пошта бөлімшесі, Ростов телеграф округінің Нарынқұм теміржол бекетіндегі Нарынқұм (хан ордасы) пошта бөлімшесі, Орал губерниялық поштателеграф кеңсесі, Петропавл уезінің Петропавл пошта бөлімшесі және басқалар ашылды. 9. Қазақстан Тәуелсіздік алып, егеменді ел болғаннан кейін саладағы жағдай күрт өзгерді. 1992 жылдың 27 тамызында еліміз Бүкіләлемдік пошта одағына мүше болып кірді. 10. ДПО-ның мәліметтеріне сәйкес, халықаралық пошта өз клиенттерінің 6800 тілінде сөйлейді және поштаны жеткізіп салудың әлемдегі ең ұзын желісі. Ол тауарларды сенімді, тиімді әрі артық шығынсыз жеткізіп салуды, сондай-ақ идеялар алмасуды қамтамасыз ету үшін арналған. ДПО әртүрлі ауқымдағы фирмаға клиенттерді іздеп табуға және олардың сұраныстарына жауап беруге көмектеседі.
Айнұр ИБРАШЕВА