Шиелі ауданының фитосанитариялық ахуалы
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы, ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізігі элементі.Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау кезінде оларды қауіпті, аса қауіпті, және карантиндік организмдермен зақымдануы мен жойылуынан сақтауды қажет етеді.Ал бұл функцияларды фитосанитариялық қызметі, яғни Шиелі ауданы бойынша аумақтық инспекциясы жүзеге асырады. ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Шиелі ауданы бойынша аумақтық инспекциясының негізігі міндеттерінің бірі, ол ауданымыздың аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау, аудан аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету, карантинге карантинге жатқызылған өнімдердің фитосанитариялық талаптарға сәйкестігіне тұрақты бақылау жүргізіп, аса қауіпті және карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтап, оларға қарсы оқшаулау және жою шараларын тұрақты түрде жүзеге асыру болып табылады.Шиелі ауданы аумағында шектеулі таралған карантиндік объектілердің калифорниялық қалқанша сымыры, жатаған у кекіре, арамсояу, қауын шыбыны сияқты 4 түрі тіркелген.Аталған карантиндік объектілер жаппай таралған жағдайда ауыл шаруашылығы саласына елеулі зиян келтіретін ескерген жөн. Фитосанитарлық қызметімен экспортталатын өнімдерге тұрақты бақылау жасалып және аудан аумағында карантиндік объектілердің ошақтарын анықтау мақсатында, оларға қарсы зерттеу, оқшаулау және жою жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуде жоғары талаптар қойылады.Осы жылғы аудан аумағында карантиндік объектілерге қарсы зерттеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде: калифорниялық қалқанша сымыры 100 га, жатаған у кекіре 2500 га, арамсояу 7700 га, қауын шыбыны 1500 га.Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен аудан аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуал қамтамасыз етілуде.Карантиндік объектілер туралы немесе фитосанитарлық қызме туралы қандайда бір ақпараттар қажет болған жағдайда, Шиелі кенті, Бөгенбай батыр көшесі №21, мекенжайына немесе 8 (72432) 4-37-88 телефон нөміріне хабарласуға болады.
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының бас маман
өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы