Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары.

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары.

    
 ҚР 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы  өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
      Осы Заңның шеңберінде ҚР АШМ АӨК МИК-нің Шиелі аудандық аумақтық инспкециясы улы химикаттардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз  пайдаланылуына, ауыл шаруашылығы егістіктерінің зиянды организмдеріне қарсы іс-шаралардың уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне және фитосанитариялық есептіліктің жүргізілуі мен табыс етілуіне ұдайы бақылау жасап отырады.
      Жоғарыда аталған Заңның 14-5-бабының 3 тармақшасына сай қызметі фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепті жүргізуге уәкілетті органға есептілікті табыс етуге міндетті.
      ҚР АШМ «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 29.06.2015 жылғы № 15-02/584 санды бұйрығының қосымша нысандарына сай фитосанитариялық есеп ай сайынғы (наурыз, қыркүйек айлары), жартыжылдық және жылдық кезеңділікпен аудандық аумақтық инпекцияға тұрақты табыс етілуі тиіс.
      Фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақытылы ұсынбау жеке және лауазымды тұлғалар мен шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403-бап, 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілік көзделген.

С. Тойшыбаев
ҚР АШМ АӨК МИК-нің Шиелі аудандық
аумақтық инспекциясының бас маман-
өсімдіктерді қорғау және карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторы
15 қараша 2023 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930