Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бал арасын қорғай білейік

Бал арасын қорғай білейік

         Қазіргі уақытта ауданымызда бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар көбейіп келе жатыр. Өзімізге белгілі бал арасынан алынатын бал өнімі адам денсаулығына пайдасы орасан зор. Осы бал ара шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылы 12 наурызда Заңы қабылданған. Бұл Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
         Аудан аумағында ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жылма-жыл жүйелі түрде өткізіліп келеді. Химиялық өңдеу жұмыстары кезінде бал ара шаруашылығына зиян келтірмеу шаралары басты назарда. Осыған байланысты химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделері қорғау мақсатында шаралар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы «Бал ара шаруашылығы туралы» Заңының 5 бабының 1 тармағына сәйкес бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жер туралы заңдарға сәйкес жер учаскесінің меншік иелерімен және жерді пайдаланушылармен келісе отырып, басқа жер учаскесін пайдалана алады, ал осы Заңның 6 бабының 1 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарда орналастырады. Омарталарды қауіпсіз орналастыруды реттеу тәртібін аудандық (қалалық) атқарушы органдар белгілейді делінген.
         Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5 бабының 8 тармақшасына көрсетілгендей қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау обьектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге міндетті.
         Осы жоғарыдағы Заңдардың талаптарын сақтауын және ауданда қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету үшін аудан көлеміндегі барлық бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары кезінде жергілікті атқарушы органдармен және аудандық аумақтық инспекциямен бірлесіп жұмыс жасауын сұраймыз.   Алдағы уақытта кент пен ауылдық округтерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін кезде қосымша хабарламалар берілетін болады. Толық ақпарат алу үшін байланыс нөмерлері:8 (701) 340-83-46, 8(777) 561-01-77, toyshybayev.s@minagri.gov.kz
 С. Тойшыбаев
ҚР АШМ АӨК МИК-нің Шиелі аудандық
аумақтық инспекциясының бас маман
өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы
     
02 маусым 2021 ж. 509 0