Өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығы

Осы заңның орындалуын тұрақты қадағалау «Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына жүктелген. Ауданымыздың фитосанитариялық жағдайын, қоршаған ортамыздың ахуалын жақсарта түсу аса маңызды мәселе. Атап айтсақ, ауданымызға келетін- кететін өсімдік өнімдері мен көшеттердің, тұқымдық дәндердің, өсімдік өнімдерінен шыққан өнімдердің аурулар мен зиянкестерден таза екендігіне мұқият болу әр қайсымыздың жете міндетіміз. Олай болмаған жағдайда тасымал арқылы зиянды организмдер таралыпөз ареялын көбейтуі мүмкін. Сондықтан өз иелігіміздегі жерлерден зиянды организмдердің таралуына жол бермей күтіп ұстауын естен шығармаумыз керек.
Өсімдік аурулары мен зиянкестеріне және арамшөптерге қарсы қолданылған пестицидтердің (улы химикаттардың) босаған ыдыстары арнайы өткізілетін жерлерге ұсынылмаса, олардан келетін қауіп өте жоғары, өйткені, босаған ыдыстардан бөлінетін зиянды химиялық қалдықтар қоршаған ортаға тарап, яғни; жерге сіңе отырып жер асты су көздеріне, ағынды өзендерге және ауаға тарап, жануарлар мен адам ағзасына еніп, адамның денсаулығының бұзылуына әкеп соғады.
Осыған байланысты «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-5 бабының тармақтары бойынша қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объктілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар жол бермеу керектігі көрсетілген.
Жоғарыда айтылған іс шараларды «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы аясында жүргізбесе немесе мүлдем орындамай бұзған жағдайда «Әкімшілк құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403 бабының тармақтары бойынша айыппұл қарастырылған.
С.Тойшыбаев
ҚР АШМ АӨК МИК Шиелі аудандық
аумақтық инспекциясының өсімдіктерді
қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы