Барлық ауылшаруашылығы құрылымдарының назарына

Осыған сәйкес, карантиндік объектілердің таралуын болдырмау, таралуының алдын алу мақсатында алдағы уақытта, барлық ауылдық округтердегі ауыл шаруашылықтарға 2024 жылға егін маусымына арналған қоймадағы тұқым қорларынан (күріш, жаңа жоңышқа, мақсары, жаздық бидай, күздік бидай т.б. дақылдардан) үлгілер (сынамалар) алынып Шиелі аудандық аумақтық инспекциясына жіберілетіндігін, жіберілген тұқым үлгілерінен (сынамаларынан) карантиндік объектінің тұқымы анықталған жағдайда «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I Заңының талаптарына сәйкес, карантиндік объектілердің таралуына жол бермеу мақсатында, отырғызылатын тұқым материалдарын карантиндік объектілердің тұқымынан тазарту жұмыстарын жүргізіп барып отырғызу міндетті болып табылады.
Осыған сәйкес, карантиндік объектілердің таралуын болдырмау, таралуының алдын алу мақсатында, барлық ауылдық округтердегі шаруа қожалықтарыңыздың төрағаларына тұқым қорларын осы уақыт кезеңінен бастап тазалау жұмыстарын ұйымдастыруларыңызды және сапалы орындау қажет екендігін хабарлаймыз.
И.Әшімов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының
инспекция басшысы