Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Балық шаруашылығындағы маңызды жұмыстардың бірі — шабақтарды құтқару. Бұл шаралар тек экологиялық емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да аса өзекті. Себебі су айдындарындағы балық қоры — халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, өңірлік экономиканың бір тармағы болып саналады.
Қазір елімізде балық шаруашылығы саласы маңызды болғандықтан, балықты қорғауға арналған ауқымды жобалар жүзеге асырылып, өсімін арттыру мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда.
Сырдария өзені суының көп бөлігі облыс аумағындағы мыңдаған гектар инженерлік жүйеге келтірілген суармалы егістік алқаптарына жіберіліде. Осының нәтижесінде жыл сайын миллиондаған балық шабақтары егістік алқаптарындағы суларда өсіп-өнеді. Ал жаз соңында каналдарды жабу кезінде шабақтар бөлектенген суларда қалып, оларға қырылу қаупі туындайтыны анық.
Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың бірі – балықтардың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау, құтқару.
Биыл облыс көлеміндегі жылғы облыс көлеміндегі күріштік алқаптардан қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шара жоспарына сәйкес, ауданда орналасқан ауылдық округі әкімшіліктеріне күріштік алқаптар, каналдар мен қашыртқылардан бөлектенген су айдындарында қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстары бойынша бригада жасақтап, техника, құрал жабдықтар мен қамтамасыз ету және құтқарылған балық шабақтарын өздеріне жақын маңайда орналасқан көлдер мен Сырдария өзендеріне жіберу жұмыстары тапсырылған.
Нәтижесінде күріш алқаптарынан аудан бойынша 980 000 дана сазан, дөңмаңдай, ақ амур, көксерке шабақтары құтқарылып, Сырдария өзені және ауданда орналасқан балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына жібрілген. Атап айтар болсақ, «Домалақ» көліне, «Қарақұм» көліне, «Үлкенбарша» көліне, «Ошақты» көліне, «Ащыкөл» көліне, «Жамайка» көліне, «Құмшұқырой» көліне, «Қырыққұмалақ» көліне, «Сасықкөл» көліне, «Сарыкөл 1» көліне, «Сарыкөл 2» көліне, «Қасқакөл» көліне, «Таушұқырой» көліне балық шабақтары орналастырылып, құтқару жұмыстары қарқынды жүргізілген.

М.ИБРАГИМ
29 желтоқсан 2025 ж. 25 0

Қоғам

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 26

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031