Сілеті өзеніне балық жіберілді
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарасты Бестоғай ауылы аумағындағы Сілеті өзені айдынына 100 000 дана тұқы балықтарының шабақтары шығарылды, деп жазады Egemen.kz. Аталған жұмыс – балық түрлері популяциясын қалпына келтіруге, айдынның экологиялық жағдайын жақсартуға, өңірдің балық шаруашылығын дамытуға бағытталған.Сілеті өзенін балықтандыру Ақмоланың су биоресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі. Бірнеше жылдан кейін шығарылған тұқы балықтары кәсіпшілік мөлшерге жетіп, резервуардың балық өнімділігін арттыруға және жергілікті халықтың сапалы балық өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы ведомствосының мәліметінше, биоресурстарды жеткізген «Акрам» шаруа қожалығының фермасы. Барлық іс-шаралар экологиялық және ветеринариялық нормалардың талаптарына сәйкес, шабақ балықтарды тасымалдау және шығару технологиясын сақтай отырып өткізілді.






