Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ БЕСІНШІ СЛЕТІ

БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ БЕСІНШІ СЛЕТІ


Арал өңірі балықшыларының облыстық слеті биыл бесінші рет өткізілді. Бұл жолғы жиын балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің ресми бекітілуіне арналды. Іс-шараға балық шаруашылығы саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе мен Түркістан облыстарынан делегация қатысты.Слетте облыстың балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері қорытындыланып, алдағы жоспарлары нақтыланды.Іс-шараға балық аулау ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінен барлығы 500-ге жуық адам қатысқан. Сондай-ақ жиында балық шаруашылығы саласының үздіктері мен ардагерлері марапатталды.
Қызылорда облысы – республикада балық шаруашылығы дамыған өңірлердің бірі. Облыс балық аулау, өңдеу көлемі бойынша республикада 3 орында. Жыл басынан бері 2397 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 53 млн. теңге қаржы түскен. Бүгінгі күні облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Мұнда балық өнімдерінің 13 түрі шығарылуда.
Ал соңғы 5 жылда балық экспортының көлемі 9 есеге артып, Ресей, Польша, Голландия, Украина, Әзірбайжан, Қытай елдеріне жөнелтілуде. Айта кетейік, балық шаруашылығы қызметкерлері күні шілденің екінші жексенбісіне ресми бекітілген кәсіби мереке болып жарияланды.

А.ДҮЙСЕНБАЙ
20 шілде 2019 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031