Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада балық аулау көлемі көбейді

Қызылордада балық аулау көлемі көбейді


Бүгінде Қызылорда облысында жылдық қуаты 11 мың тонна болатын сегіз балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.
Өткен жылдың өзінде Аралдан сегіз мың тоннадан астам балық аулаған екен. Өңделген балық өнімінің жартысы бүгінде ТМД және Еуропа мемлекеттеріне экспортталып жатыр. Атап айтқанда, Арал балығы Түркия, Германия, Дания, Латвия елдерінен бөлек Қытай нарығында саудаланады. Балық көлемінің бұлайша артуы Елбасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан САРАТС жобасының арқасында мүмкін болып отыр. Негізгі 8 компоненттен тұратын «Ғасыр жобасының» бүгінде екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Қашқан теңіз орнын толтырмағанымен сауықтыру шаралары жемісін осылай жегізуде.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы

10 қыркүйек 2018 ж. 2 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930