Қытайда еліміздің балық өнімдеріне сұраныс ұлғайды
Былтыр Қызылорда облысында 7,5 мың тоннадан аса балық өнімі дайындалды. Ол бірден экспортқа жөнелтілді. Балыққа деген сұраныс тек ТМД мен Еуропада ғана емес, көрші Қытайда да жоғарылады. ҚХР-ға балық өнімдерінің бірінші партиясы өткен жылдың соңында жіберілді.
«Бөген ауылында орналасқан сервис орталығымыз бар. Онда Тастүбек пен Үш шоқының кәсібиленген учаскелерінде ауланған балықтарды жеткіземіз. Жергілікті тұрғындар үнемі және маусымдық негізде жұмыс істейтін бірнеше цехымыз бар», - деді зауыт технологы Ғазиза Құлнияз.«Былтыр облыс 3400 тонна балық өнімін экспорттады. Оның 70 пайызы – 2200 тоннасы Ресейге жіберілді. 900 тоннадан астамы Еуропаға: Дания, Нидерланды, Польшаға кетті. 60 мыңға жуық тоннасын алғаш рет Қытай алды», - деді облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы Жалғас Ахметов.Заманауи технологиялар жоғары бағалы өнім өндіруге мүмкіндік береді. Оған сұраныс бар. Мысалы, балықтың таза етін экспортқа, басы мен кеудесін ішкі нарыққа әзірлейді. Ал одан қалғанынан фарш жасаса, сүйектерін құс жеміне пайдаланылатын балық ұнын әзірлеуге қолданады.