Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РИПСЫ ЖЕП КӨРДІҢІЗ БЕ?

РИПСЫ ЖЕП КӨРДІҢІЗ БЕ?

Байқоңырлық кәсіпкер Виктор Павлов тұңғыш рет күріш жарнасынан тұзды таяқшалар дайындайтын цех ашты. Қармақшы ауданы Ақай ауылында ашылған цех жұмысының жауапкершілігі «МеаПрим» ЖШС-нің директоры Рүстембек Қаражановқа жүктелген. Еуразия кеңістігінде алғаш рет тіркелген өнімде жаңғақ пен Арал теңізінің кептірілген балық дәмі бар. Тұзды, дәмдегіштер қосылып, жоғары технологияда күріштен дайындалады. Өнім құнарлылығы: 350 ккал.
Біз кәсіпкерлерге хабарласып, әңгімеге тартқан едік.  Өнімді неге «Бай Кот» деп атадыңыздар деген сұрағымызға:
− Күріштен жоғары технологиямен жасалатын өнімдер өте көп. Алайда олардың бәрі сырттан тасымалданады. Сондықтан сырттан келетін өнімдерге «Байкот» жариялап, неге өзіміз өндірмеске деген ой келді. Алғаш болып тіркеп отырмыз. Алдағы уақытта қауынның, шиенің дәмі бар өнім түрлерін арттыратын боламыз. Екінші жағынан, байлардың дәмді асын ұсынғымыз келді, − дейді идея авторы инженер-электрик Виктор Александрович. 
   Кәсіпкер Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы құжаттар әзірлеп, жоба ұсынған. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 8 млн. теңге қаржылай қолдауға ие болып, бүгінде цехта 3 адам еңбек етуде. Кәсіпкер бұл қаржыға күріштің сапасын бұзбай тәтті таяқшалар әзірлейтін арнайы қондырғыларды сатып алған. Осылайша, отандық өнім тұтынушыға жол тартты.
Гүлбану МАҚАЖАН
13 қаңтар 2018 ж. 1 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930